08.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Жомарт Тоқаев футзалдан «Қайрат» клубына ауысты

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Жомарт Тоқаев футзалдан «Қайрат» клубына ауысты

Қазақстан футзал құрамасының ойыншысы Жомарт Тоқаев енді алматылық «Қайрат» сапында өнер көрсетеді. Бұл туралы Futsal Kazakhstan-ның Instagram парақшасы хабарлады.

25 жастағы футзалшы өткен маусымды «Жетісу» командасында өткізген. Ол біріншілік аясында 37 матчқа қатысып, 15 гол соғып, 9 нәтижелі пас берген. Бұған дейін Тоқаев «Атырау», «Семей» және «Жетісудың» екі нұсқасында да ойнаған.

Айта кетейік, «Қайрат» 2024/25 жылғы маусымда Қазақстан чемпионы атанып, плей-офф финалында «Семейді» 3:1 есебімен жеңген болатын. Жаңа маусымда чемпион команда Тоқаевтың тәжірибесіне үміт артады.