02.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Жолдастық кездесудің екінші күнінде де «Барыс» «Сібірден» басым түсті

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Жолдастық кездесудің екінші күнінде де «Барыс» «Сібірден» басым түсті

Астанада өткен жолдастық кездесулер сериясының екінші ойынында Михаил Кравецтің шәкірттері «Сібірді» 3:2 есебімен ұтты.
Бірінші кезең голсыз аяқталды. Екінші кезеңде қонақтар есепті ашты — Яковлев мергендік танытты. Алайда елордалық клубтың жаңа шабуылшысы Мэйсон Морелли қысқа уақыт ішінде қос шайба соғып, «Барысты» алға шығарды — 2:1. Үшінші кезеңде Галимов есепті 3:1-ге жеткізді. Кезең бітуге үш минут қалғанда Климович «Сібірдің» екінші шайбасын соғып, қорытынды есепті бекітті — 3:2.

«Барыс» жаңа маусымды 7 қыркүйекте өз айдынында «Тракторға» қарсы матчпен бастайды.