04.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Жоао Педро Челсиде айдың үздік ойыншысы атанды

Жоао Педро Челсиде айдың үздік ойыншысы атанды

«Челсидің» ресми сайтының хабарлауынша, Жоао Педро лондондық клубта тамыз айының үздік ойыншысы атанды — бразилиялық шабуылшы жанкүйерлер дауыс беруінде 77% дауыс жинап, сенімді жеңіске жетті. Екінші орынды Мойсес Кайседо 11% нәтижемен иеленді.

23 жастағы шабуылшы өткен айда тамаша нәтиже көрсетті — ағылшын Премьер-лигасының үш матчында екі гол соғып, екі голдық пас берді.

Айта кетейік, Жоао Педро осы жазда «Брайтоннан» 60 миллион фунт стерлингке «Челсиге» ауысты.