29.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Жоао Пауло маусым соңында «Қайраттан» кетеді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Жоао Пауло маусым соңында «Қайраттан» кетеді

Бразилиялық шабуылшы Жоао Пауло 2025 жылғы маусым аяқталған соң «Қайрат» клубынан кететінін хабарлады.

Жыл басында футболшы тізесінен ауыр жарақат алып, бүкіл маусым бойы алаңға шыға алмады. ҚПЛ-2025 маусымының соңғы турындағы «Астанаға» қарсы ойын алдында алматылық клуб оның командадан кететінін ресми түрде жариялаған еді.

Футболшы әлеуметтік желідегі жазбасында:

«ФК „Қайраттағы“ уақытым өз мәресіне жетті. Енді толықтай сауығып, Құдайдың қалауымен жаңа мүмкіндіктерді күтемін. Келе жатқан маусымда кездескенше!», — деп жазды.

Жоао Пауло «Қайрат» сапында 112 матч өткізіп, 47 гол соққан. Ол Қазақстан Премьер-лигасында үш рет үздік сұрмерген атанған. Бұған дейін бразилиялық футболшы «Ордабасы» клубының да намысын қорғаған болатын.