12.11.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Жоан Лапорта Мессидің клубқа оралуы туралы айтты

Жоан Лапорта Мессидің клубқа оралуы туралы айтты

«Барселона» президенті Жоан Лапорта «Интер Майами» шабуылшысы әрі каталондық клубтың бұрынғы жұлдызы Лионель Мессиге қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Барлығы жоспарлағандай болмады. Егер құрмет көрсету арқылы сол кеткен мүмкіндікті аз да болса толтыруға болса, бұл дұрыс шешім болар еді. Ал Мессидің клубқа ойыншы ретінде оралуы туралы әңгіме қазір орынсыз», — деді Лапорта Mundo Deportivo басылымына берген сұхбатында.

Еске салайық, Лионель Месси «Барселона» сапында 2003 жылдан 2021 жылға дейін ойнады. Осы уақыт ішінде ол 778 матч өткізіп, 672 гол соғып және 303 нәтижелі пас берген.