21.11.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Жігер Алматай джиу-джитсудан Исламиада ойындарында жеңімпаз атанды

Жігер Алматай джиу-джитсудан Исламиада ойындарында жеңімпаз атанды

Қазақстандық джиу-джитсу шебері Жігер Алматай Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарының чемпионы атанды.

Ол 77 келіге дейінгі салмақта топ жарды. Финалда спортшымыз БАӘ құрамасының өкілі Махди Алавлакиді жеңді.

Айта кетейік, бүгін, 21 қарашада Жібек Құлымбетова екінші орын алса, Мансұр Хабибулла үшінші орынға ие болды.