04.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Жібек Құламбаева Қытайдағы турнирде жеңіліп қалды

Жібек Құламбаева Қытайдағы турнирде жеңіліп қалды

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Қытайдың Чанша қаласында өтіп жатқан беделді WTA 125 турниріндегі өнерін аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жекелей сында өнерін аяқтаған Құламбаева жұптық сында да өнер көрсетті. Оңтүстік Корея теннисшісі Со Хен Пакпен бірге қазақстандық ширек финалға шықты, бірақ одан әрі өте алмады.

Тандемнің қарсыластары гонконгтық Юдис Чонг пен тайваньдық Ен-Шуо Лян болды.

Кездесу де 6:2, 6:4 есебімен қарсыластары жеңіске жетті. Осылайша Құламбаева мен оның жұбы үшін турнир өз мәресіне жетті.