26.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Жібек Құламбаева – Қазақстан чемпионы

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Жібек Құламбаева – Қазақстан чемпионы

Астанада теннистен ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетіп, әйелдер арасында жаңа чемпион анықталды.

Биылғы жарыстың бірінші ракеткасы Жібек Құламбаева финалда Аружан Сағындықованы 6:4, 7:6 (7:5) есебімен ұтып, алтын медаль иеленді. Матч аса тартысты өткенмен, шешуші сәттерде Жібек шеберлік танытып, өз мықтылығын дәлелдеді.

Жарыстың қола жүлдесін Іңкәр Дүйсебай жеңіп алды. Ол үшінші орын үшін өткен кездесуде Полина Слепцованы 7:6 (7:5), 7:5 есебімен тізе бүктірді.

Турнирдің бас демеушісі – еліміздегі ірі алтын өндіруші «RG Gold» компаниясы.

Чемпионаттың серіктестері:
Beeline Janymda – матчтарды кез келген жерде көріңіз!
A’SU – әр сағат сайын ішіңіз
Lexus – Experience Amazing