Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Жібек Құламбаева W100 турнирінің чемпионы атанды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева италиялық әріптесі Николь Фосса Уэргомен бірге Мадридте өткен W100 санатындағы турнирдің жұптық сайысында жеңімпаз атанды.

Финалда қазақстандық-италиялық жұп испаниялық Марина Бассольс пен Андреа Ласаро Гарсияны тізе бүктірді. Бірінші сет тай-брейкте испан теннисшілерінің пайдасына аяқталды — 7:6 (9:7). Екінші сетте Жібек пен Николь есепті теңестіріп, өз пайдасына шешті — 7:6 (7:4). Чемпиондық тай-брейкте Құламбаева мен Уэрго қарсыластарына мүмкіндік бермей, 10:4 есебімен басым түсті.

Бұл — Жібек пен Никольдің бірге жеңіп алған бесінші титулы, биылғы маусымдағы алғашқы және W100 санатындағы алғашқы жеңісі.