Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Жібек Құламбаева Испаниядағы жарыстың жартылай финалына шықты

Мадридте қазақстандық Жібек Құламбаева қатысуымен ITF W100 турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жібек италиялық Николь Фосса Уергомен жұп құрап, турнирдің жартылай финалына шықты.

Бірінші айналымда қазақстандық-италиялық жұп ширек финалда да екі сетте (6:3, 7:5) Елен Кристофи (Грекия) – Эллик (АУС) жұбынан мықтырақ болды.

Жартылай финалда Жібек пен Николь Инес Иббу (Алжир) — Бибиана Шуфс (Нидерланды) жұбына қарсы ойнайды.