01.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Жетысу бапкерінің көмекшісі Қайсарға қарсы жеңісті жіберіп алғанын түсіндірді

Жетысу бапкерінің көмекшісі Қайсарға қарсы жеңісті жіберіп алғанын түсіндірді

«Жетысу» бас бапкерінің көмекшісі Николай Гавриш ҚПЛ-дің 11-ші турында «Қайсармен» 2:2 есебімен аяқталған матч нәтижесін түсіндірді, деп хабарлайды клуб баспасөз қызметі.

Түсіндіру өте қиын — соңғы секундтарда жеңісті жіберіп алдық, эмоциялар… Бірінші таймда басымдылық біздің жақта болды, мүмкіндіктер жасадық. Бұл командаға дайындалдық, олардың ұзын пастармен ойнайтынын білдік — бойшаң жігіттер, стандартты жағдайлар — бәрін қарастырдық. Бірақ бұл футбол. Екінші тайм, әрине, өзгеріп кетті — бір жаққа да, екінші жаққа да…

Тартысты матчта голдарды салғандар:

  • Дидар Жалмұқан (57-ші минут, «Қайсар»)
  • Дмитрий Шмидт (67-ші минут, «Жетысу»)
  • Максим Ковель (88-ші минут, «Жетысу»)
  • Темірлан Мырзағалиев (90+7 минут, «Қайсар»)