11.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Жетісу» жеңісінен айырылуы мүмкін

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Жетісу» жеңісінен айырылуы мүмкін

Telegram-арна Серый Cardinal мәліметінше, «Жетісу» мен «Оқжетпес» арасындағы 20-турдағы матч нәтижесі жойылып, талдықорғандық клубқа техникалық жеңіліс жазылады.

Себебі – «Жетісу» ойыншысы Нұрбол Ануарбеков бір тур аясында екі түрлі клубтың намысын қорғаған. 9 мамыр күні ол «Жеңіс» сапында 20-турдың кейінге шегерілген кездесуіне қатысса, араға бірнеше күн салып, сенбі күні «Жетісу» құрамында сол турдағы «Оқжетпеске» қарсы ойнады және тіпті гол да соқты.

Бұл – регламенттің 6.56-тармағын тікелей бұзу. Онда бір турда бір ойыншының екі түрлі клуб үшін алаңға шығуына қатаң тыйым салынғаны көрсетілген.

Сондай-ақ, 6.118-тармақ бойынша, регламенттің сақталуына клубтардың өздері жауап береді — оның ішінде футболшылардың қатысу құқығын тексеру, тәртіптік шараларды қадағалау және матч есебін рәсімдеу кіреді.

Нәтижесінде, «Жетісу» жеңісінен айырылады, ал «Оқжетпеске» техникалық жеңіс және үш ұпай беріледі.

Талдықорғандық клуб үшін бұл өте өкінішті жағдай, ал жауапты тұлғалар – директор, спорттық директор немесе құрам сәйкестігіне жауапты бапкерлік штаб мүшесі – тәртіптік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.