10.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Жетісу» шабуылшы Максим Житневпен келісімшартты бұзды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Жетісу» шабуылшы Максим Житневпен келісімшартты бұзды

Талдықорғандық «Жетісу» футбол клубы ресейлік шабуылшы Максим Житневпен келісімшартты екіжақты келісім негізінде тоқтатқанын хабарлады. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Шабуылшы Максим Житнев „Жетісу“ клубынан кетеді. Клуб пен ойыншы арасындағы келісімшарт тараптардың өзара келісімімен бұзылды. Максим осы маусымның басында командаға қосылып, Қазақстан чемпионатының бірінші жартысында 10 матчқа қатысып, бір гол соқты», — делінген ресми хабарламада.

30 жастағы футболшы — мәскеулік «Спартак» академиясының түлегі. Ол «Жетісу» сапына 2025 жылдың наурыз айында келген болатын.

Қазіргі таңда «Жетісу» 15 турдан кейін 13 ұпаймен турнир кестесінің 10-орнында тұр.