14.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Жетісу» мен «Қайрат» тартысты ойында тең түсті

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Жетісу» мен «Қайрат» тартысты ойында тең түсті
Қазақстан Премьер-Лигасының 12-турында Талдықорғанда өткен матчта жергілікті «Жетісу» мен Алматылық «Қайрат» 2:2 есебімен тең түсті.

Ойын өте қарқынды басталды. 19-минутта Максим Ковель мергендік танытып, алаң иелерін алға шығарды – 1:0. Алайда көп ұзамай, 36-минутта Жоржиньо таразы басын теңестіріп үлгерді – 1:1.

Бірінші тайм соңына таман «Жетісу» тағы да алға шықты. Бұл жолы көзге түскен – Ринат Серікқұл (41’) — есеп 2:1.

Екінші таймда «Қайрат» қысымды күшейтіп, нәтижесінде 52-минутта Егор Сорокин гол салып, есепті 2:2-ге жеткізді.

Осылайша екі команда бір-бір ұпаймен шектелді.120:07