28.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Жетісу» Боловтың дублімен «Ұлытаудан» жеңісті жұлып алды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Жетісу» Боловтың дублімен «Ұлытаудан» жеңісті жұлып алды

28 маусым күні Жезқазғанда Қазақстан Премьер-Лигасының 14-туры аясында өткен матчта «Ұлытау» өз алаңында «Жетісуды» қабылдады. Кездесу талдықорғандық команданың 2:1 есебіндегі жеңісімен аяқталды.

Ойын тең деңгейде басталды. Алғашқы таймда алаң иелері белсенді болып, Сергей Кейлер алыстан бағыттаған қуатты соққысымен есеп ашты.

Алайда екінші таймда жағдай өзгерді. Қонақтар сапындағы Руслан Болов алдымен жақын қашықтықтан есепті теңестірді, артынша керемет соққымен дубль авторы атанып, «Жетісуға» жеңіс сыйлады.

Осы нәтижеден кейін «Жетісудың» еншісінде 13 ұпай болды және команда турнир кестесіндегі түсіп қалу аймағынан шығып отыр.