21.01.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Жетісудың» бұрынғы ойыншысы «Оқжетпеспен» келісімшартқа отырды

Көкшетаулық «Оқжетпес» 29 жастағы қазақстандық қорғаушы Нұрлан Дайыровпен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұрлан Дайыров «Қайраттың» түлегі. 2012 жылы қорғаушы клубтың қосалқы командасында ойнай бастады. Премьер-лигадағы дебюті 2016 жылы «Ордабасымен» өткен ойында болды.

2017-2019 жылдар аралығында «Оқжетпес» сапында ойнаған. Екі жыл ішінде көкшетаулық клуб сапында 69 кездесу өткізген. Қорғаушы «Тұран», «Тараз», «Мақтаарал», «Жетісу» командаларында да өнер көрсетті.