Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

«Жетісу» волейбол клубы Азия чемпиондар лигасының ширек финалына жолдама алды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Филиппинде өтіп жатқан волейболдан Азия чемпиондар лигасында қазақстандық «Жетісу» клубы ширек финалға шықты.

А тобының екінші кездесуінде Марко Гршичтің шәкірттері иорданиялық «Al Nasser» командасын сенімді түрде жеңіп, топтағы екінші жеңісіне қол жеткізді. Бұған дейін «Жетісу» алғашқы ойында турнир иесі — филиппиндік «Creamline Cool Smashers» клубын ұтқан болатын.

Ширек финалда отандастарымыз тағы бір филиппиндік ұжым — «PLDT High Speed Hitters» командасымен кездеседі.

Барлық матчтарды «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.