Оқу уақыты: 1 мин

«Жетісу» мен «Ұлытау» кездесуінде есеп ашылмады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Жетісу» мен «Ұлытау» кездесуінде есеп ашылмады

Қазақстан Премьер-лигасының матчы Алматыдағы «Хан-Тәңірі» стадионында өтті. Талдықорғандық «Жетісу» өз алаңында жезқазғандық «Ұлытауды» қабылдап, ойын 0:0 есебімен аяқталды.

Матч барысында қауіпті сәттер аз болды, ойын тыныш қарқынмен өтті. Қос команда қарсыластың қақпасына қауіпті шабуылдар ұйымдастыруға тырысқанымен, гол соғуға мүмкіндік болмады.

Осы ойыннан кейін «Жетісу» чемпионатта екінші ұпайын еншілесе, «Ұлытау» бір ғана ұпай жинады.