03.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Жеті қазақстандық боксшы Астанадағы Әлем кубогының ширек финалында жұдырықтасады

Жеті қазақстандық боксшы Астанадағы Әлем кубогының ширек финалында жұдырықтасады

Бүгін Астанадағы World Boxing Әлем кубогында жеті қазақстандық боксшы ширек финалдық жекпе-жектерін өткізеді — жарыстар екі сессияда өтеді.

Күндізгі сессия сағат 14:00-де басталады, онда рингке: 70 келі салмақта Наталья Богданова бразилиялық Барбара Мария дос Сантоспен, 60 келі санатында Серік Теміржанов жапониялық Сунсукэ Китамотомен, ал 80 келі салмақта Нұрбек Оралбай үндістандық Лакшья Чахармен кездеседі.

Кешкі бағдарламада, сағат 19:00-ден бастап, көрермендер келесі жекпе-жектерді тамашалайды:

  • Айдана Забынбекова — Алисса Мендоса (АҚШ), 57 келі
  • Махмұд Сабырхан — Аарон Джуд Бадо (Филиппины), 55 келі
  • Сабыржан Аққалықов — Джошуа Офори (Канада), 75 келі
  • Айбек Оралбай — Диего Ленци (Италия), 90 келіден жоғары

Барлық жекпе-жектердің тікелей трансляциясын Qazsport телеарнасынан көруге болады.