06.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Жеңіс» жаңа ойыншымен толықты

Meta-ratings.kz мәліметінше, Португалиядан келген 26 жастағы қанатшабуылшы Гонсало Тейшейра астаналық «Жеңіс» клубына қосылады.

Румыния чемпионатының ағымдағы маусымында АЦСМ сапында өнер көрсеткен футболшы тоғыз матч өткізіп, қарсыластар қақпасына екі рет гол соқты. Румыния Кубогында португалдық ойыншы нәтижелі әрекеттерімен көзге түсті — төрт кездесуде бір гол соғып, бір голдық пас берді.

Румынияға дейін Тейшейра португалдық клубтардың — «Лулетано», «Эсперанса» және «Вилаверденсенің» намысын қорғады.