Оқу уақыты: 1 мин

«Жеңіс» тағы да тең — команда алтыншы рет ұпай бөлісті

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Жеңіс» тағы да тең — команда алтыншы рет ұпай бөлісті

ҚПЛ-дің 9-туры аясында «Жеңіс» пен «Қызылжар» арасындағы кездесу Астана Аренада өтіп, 0:0 есебімен аяқталды.

Матч барысында екі команда да бір-бірінің қақпасына жол таба алмады. Бұл — «Жеңістің» маусымдағы алтыншы тең нәтижесі. Астаналық клуб осы кездесуден кейін 11-орында, олардың еншісінде 3 тең ойын, 3 жеңіліс және бірде-бір жеңіс жоқ.

Ал «Қызылжар» 12 ұпаймен 8-орында орналасқан.