07.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Жеңіс» пен «Жетісу» арасындағы матчтың күні мен өтетін қаласы өзгерді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Жеңіс» пен «Жетісу» арасындағы матчтың күні мен өтетін қаласы өзгерді

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 16-турындағы «Жеңіс» – «Жетісу» матчының уақыты мен орны өзгерді. Бұл туралы елордалық клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Бұған дейін ойын 12 шілде күні «Астана Аренада» өтеді деп жоспарланған болатын. Алайда елордада ірі фестиваль ұйымдастырылуына байланысты матч кейінге шегерілді.

Енді кездесу 13 шілде күні Павлодар қаласындағы «Орталық» стадионда өтеді. Басталуы — 18:00, Астана уақыты бойынша.