Оқу уақыты: 1 мин

«Жеңіс» пен «Қайрат» кездесуі мерзімінен бұрын өтеді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Жеңіс» пен «Қайрат» кездесуі мерзімінен бұрын өтеді

Ертең, 9 мамыр күні елордада Қазақстан Премьер-лигасының 20-туры аясында «Жеңіс» (Астана) пен «Қайрат» (Алматы) арасындағы матч өтеді.

Бұл кездесу бастапқыда жоспарланған уақытынан ерте өтетін болды. Сонымен қатар, осы екі команда арасындағы 8-тур ойыны кейінге шегерілгенін айта кету керек.

Турнир кестесінде «Жеңіс» жеті ойыннан кейін бес ұпаймен 10-орында тұрса, «Қайрат» 20 ұпаймен көш бастап келеді.