Оқу уақыты: 1 мин

«Жеңіс» пен «Елімай» жолдастық матчта тең түсті

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Жеңіс» пен «Елімай» жолдастық матчта тең түсті

«Жеңіс» пен «Елімай» жолдастық кездесуде нәтижелі ойын көрсетіп, 3:3 есебімен тең тарқасты.

Астаналық клубтан Гонсало Тейшейра, Даци және Жунусов гол соқты. Ал семейлік команда да шабуылда сәтті ойнап, Флореску, Мулич және Назымхановтың голдарының арқасында тең нәтижеге қол жеткізді.

Екі команда да ұлттық құрамалар ойындарынан кейін басталатын Қазақстан чемпионатының үшінші турына дайындықтарын жалғастыруда.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!