13.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Жеңіс» қақпашысы Игнатович үш сағатқа жуық гол жібермей келеді

«KazFootball.kz» мәліметінше, «Жеңіс» қақпашысы Сергей Игнатовичтің қақпасына гол жібермеу сериясы 185 минутқа жетті.

32 жастағы қақпашы соңғы рет өткен жылдың қарашасында гол жіберген. Ол кезде «Ордабасы» сапында ойнап жүрген Игнатович Алматыда өткен матчта «Қайрат» жартылай қорғаушысы Олжас Байбектің соққысын тойтара алмаған.

Игнатовичтің қазіргі көрсеткіші Қазақстан чемпионаттарының рекордына жетпейді. 2005-2006 жылғы маусымда «Қайрат» қақпашысы Сергей Бойченко өз қақпасын 921 минут бойы голдан қорғаған.

Чемпионаттағы қазіргі гол жібермеу сериялары:

  • Сергей Игнатович («Ордабасы» / «Жеңіс») — 185 минут
  • Данил Устименко («Тобол») — 180 минут
  • Максим Коваль («Елімай») — 168 минут
  • Денис Кавлинов («Жетісу») — 157 минут
  • Александр Заруцкий («Қайрат») — 140 минут
  • Мұхаммеджан Сейсен («Астана») — 111 минут
  • Дмитрий Непогодов («Ұлытау») — 106 минут