17.04.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Жеңілмеген Садриддин Ахмедов мексикалық нокаутершімен жұдырықтасады

Жеңілмеген Садриддин Ахмедов мексикалық нокаутершімен жұдырықтасады

UFC мәліметі бойынша, Қазақстаннан шыққан жеңілмеген боксшы Садриддин Ахмедов (15-0, 13 КО) Калифорния штатының Коммерс қаласында мексикалық спортшы Элиас Эспадаспен (23-6, 16 КО) жұдырықтасады.

Бокс кешінің тікелей көрсетілімі 20 сәуірде Астана уақыты бойынша 06:00-де басталады — оны UFC ресми сайтынан тамашалауға болады.

Шамамен төрт ай бұрын өткен соңғы жекпе-жегінде Ахмедов америкалық Рафаэль Игбоквені (17-6, 7 КО) жетінші раундта нокаутпен жеңген болатын. Ал оның қарсыласы Эспадас та желтоқсанда өз жерлесі Рамон Барахасты (14-41, 4 КО) екінші раундта мерзімінен бұрын жеңіп шыққан еді.