11.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Жеңілмеген қазақстандық боксшы Тайландта жұдырықтасады

BoxRec.com хабарлағандай, жеңілмеген кәсіпқой боксшы Темірлан Баймолда (рингтегі лақап аты «Джентльмен») келесі жекпе-жегінің күнін белгіледі.

Жеңіліссіз көрсеткішке (8-0, 5 КО) ие боксшы ақпанның 20-сы күні Бангкокта рингке шығады. Онда оның қарсыласы жергілікті боксшы Вачаян Кхамон (12-47-1, 4 КО) болмақ. Бірінші жартылай орта салмақтағы жекпе-жек 6 раундқа жоспарланған.

24 жастағы Баймолда — болашағынан үміт күттіретін боксшы. Ол жақында ғана (қаңтардың 25-і) дәл осы Бангкокта тайландтық спортшы Нахатхон Пахарнды (1-4, 1 КО) нокаутпен жеңген еді.