Оқу уақыты: 1 мин

Жеңілмеген қазақстандық боксшы сәуірде АҚШ-та жұдырықтасады

Жеңілмеген қазақстандық боксшы сәуірде АҚШ-та жұдырықтасады

360 Promotions промоутерлік компаниясы бірінші орта салмақтағы жеңілмеген қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедовтың (15-0, 13 КО) келесі жекпе-жегінің күнін жариялады.

«Солдат Q» лақап атымен танылған боксшының қарсыласы мексикалық Элиас Эспадас (23-6, 16 КО) болады — кештің басты жекпе-жегі Калифорния штатының Коммерс қаласында өтеді.

«Солдат Q» Садриддин Ахмедов сәуірдің 19-ы, сенбі күні UFC Fight Pass платформасында үшінші рет өнер көрсетеді. Элиас Эспадаспен жекпе-жекте ол мінсіз көрсеткішін — 15-0, 13 нокаутты сақтап қалуға тырысады, — деп хабарлайды 360 Promotions.

Кәсіби бокста Ахмедов Геннадий Головкиннің бұрынғы командасымен жұмыс істейді — оның бапкері Абель Санчес, промоутері Том Леффлер, ал менеджері Олег Германн.