Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Жеңілмеген ирландиялық Маккенна Канелоның экс-қарсыласын жеңді

Жеңілмеген ирландиялық Маккенна Канелоның экс-қарсыласын жеңді

Ирландиялық боксшы Аарон Маккенна кәсіби мансабындағы маңызды жеңіске қол жеткізді — Лондонда ол тәжірибелі британдық Лиам Смитті орта салмақтағы жекпе-жекте жеңді.

Қарсыластық он екі раундқа созылды — төрешілер бірауызды шешіммен 119-108, 118-108 және 117-109 есебімен Маккеннаға жеңісті берді. Соңғы раундта британдық боксшы ринг төсеніші үстіне құлады.

Ирландиялық спортшы үшін бұл жеңіс мансабындағы жиырмасыншы жеңіс болды, сонымен қатар ол жеңілмеген боксшы мәртебесін сақтап қалды. Смит кәсіпқойлар арасында бесінші рет жеңілді.

Айта кетерлігі, Маккенна бұған дейін Астанадағы бокс кешінде қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жектен бас тартып, Смитпен жұдырықтасуды жөн көрген. Атап өтерлік жайт, британдық боксшы тоғыз жыл бұрын Сауль Альвареспен кездесіп, мексикалық жұлдызға тоғызыншы раундта нокаутпен жеңілген болатын.