06.01.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Жеңісімді ұрлап алды»: «Қазақ терминаторымен» төбелескен файтер ренішін айтты

Өткен жылдың желтоқсан айында Алматыда өткен кәсіпқой бокс кешінде «Қазақ терминаторы» лақап атымен танымал MMA файтері Мұратбек Қасымбай ирандық Мохаммед Хейбатимен жұдырықтасқан болатын, — деп хабарлайды Бірінші бол. Жекпе-жек тең аяқталғанымен, Хейбати «жеңісімді ұрлады» деп төрешілерге ренішін айтып отыр.

Ол sport24 арнасына берген сұхбатында ирандық файтер «бәрі маған қарсы болды» деп айтқан.

«Мен төрешілердің шешімімен мүлдем келіспеймін. Өйткені бұл жекпе-жекте бәрі маған қарсы жұмыс істеді. Жеңіске жетуіме барынша дайын едім. Аптасына төрт рет спарринг өткізіп дайындалдым», — дейді Мохаммед Хейбати.

Бұған дейін Қасымбай мен Хейбати MMA ережесі бойынша да төбелескен. 2020 жылы өткен жекпе-жекте ирандықтың мерейі үстем болған еді. Бұл жолы «Қазақ терминаторы» реванш алуға уәде бергенімен, өз дегеніне жете алған жоқ.