18.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Жастар арасындағы әлем чемпионы Бегалиев Қазақстан чемпионатын жеңіспен бастады

Жастар арасындағы әлем чемпионы Бегалиев Қазақстан чемпионатын жеңіспен бастады

Жастар арасында әлем және Азия чемпионы Санжарали Бегалиев Семейде өтіп жатқан ұлттық біріншілікте сәтті өнер көрсетті.

80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің 1/8 финалында шымкенттік боксшы — төрешілердің бірауызды шешімімен астаналық Ильяс Жандауды жеңді.

Бегалиевтің ширек финалдағы келесі қарсыласы маңғыстаулық Нұрқанат Райыс болады.

Айта кетерлігі, биылғы Қазақстан чемпионаты — алғаш рет World Boxing ережелері бойынша өткізіліп, 21 қазанға дейін жалғасады.