20.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Жарақат алған Исламхан қызылордалық клубтан ұсыныс алды

Жарақат алған Исламхан қызылордалық клубтан ұсыныс алды

«Спорт Министі» хабарлағандай, қызылордалық «Қайсар» жартылай қорғаушы Бауыржан Исламханның қызметіне қызығушылық танытуда.

Клуб директоры Талғат Абдығаппарұлы футболшымен жеке кездесу өткізді — басшылық ойыншыны команда құрамында көргісі келетінін білдірді.

«Клуб Сізді өз құрамында көргісі келеді», — деді директор футболшымен келіссөздер барысында.

Қазіргі уақытта Исламхан Түркістанның «Тұран» құрамында тіркелген, алайда жарақатына байланысты биылғы маусымда бірде-бір ойын өткізген жоқ — оның қалпына келу мерзімі әзірге белгісіз.

«Қайсар» 2025 жылғы маусымда тек қазақстандық құраммен өнер көрсету туралы шешім қабылдаған Премьер-Лиганың алғашқы клубы болды.