20.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Жарақат алған Халибертон финалдың шешуші матчында ойнауға ниетті

Жарақат алған Халибертон финалдың шешуші матчында ойнауға ниетті

ESPN мәліметі бойынша, «Индиана Пэйсерс» ойыншысы Тайриз Халибертон — балтыр бұлшық етінің жарақатына қарамастан — «Оклахомаға» қарсы финалдық серияның алтыншы матчына қатысуға ниетті.

«Менің білуімше, Тайриз бүгінгі матчта ойнауға бел буып отыр. Медициналық қызметкерлер оны бақылауда ұстап отыр — матч басталуына екі сағат қалғанда оның қатысуы туралы түпкілікті шешім белгілі болады. Жағдайы нашарламаса, ол алаңға шығады», — деді ESPN инсайдері Шэмс Чарания.

Еске сала кетейік, Халибертон серияның бесінші матчында жарақат алған болатын, онда «Пэйсерс» 109:120 есебімен жеңілді — жалпы есеп «Оклахома» пайдасына 2-3 болды.