09.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Жаралған намыстан» — Қазақстан ұлттық құрамасын қолдайтын жаңа қозғалыс құрылды

«Жаралған намыстан» — Қазақстан ұлттық құрамасын қолдайтын жаңа қозғалыс құрылды

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасын қолдайтын жаңа жанкүйерлік ұйым құрылды, – деп хабарлайды Sport Pulse тілшісі.

Қазақстан ұлттық құрамасын қолдайтын «Жаралған намыстан» атты жаңа жанкүйерлер қозғалысы ашылды. Ұйымның Instagram парақшасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, олардың өзіне тән негізгі ережелері бар. Атап айтқанда, ұлттық құраманың матчтарына сары-көк түсті киіммен келу, жанкүйерлер арасында өзара және қарсылас команда мен оның жанкүйерлеріне құрмет көрсету, ойынға ерте келу, есепке қарамастан команданы соңына дейін қолдау, сондай-ақ матчтан кейін трибунаны таза күйінде қалдыру көзделген.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасын қолдайтын арнайы ультрас-қозғалыс – «Alash Ultras» болған. Алайда қазір бұл ұйым белсенді жұмыс істемейді