02.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Жақсыбаев Германияда сәтті операциядан өтті

Жақсыбаев Германияда сәтті операциядан өтті

«Ордабасының» футболшысы Ұлар Жақсыбаев «Тобылға» қарсы өткен КПЛ-дың 9-туры ойынында алған жарақатынан кейін тізесіне ота жасатты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Клубтың мәліметінше, операция Германияда өтті және сәтті аяқталды. Қазір қорғаушы мамандардың бақылауымен алғашқы оңалту кезеңдерінен өтуде.

Алда Жақсыбаевты ұзақ уақыттық қалпына келу кезеңі күтіп тұр.