06.02.2025
Оқу уақыты: 2 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Жаппарбергенов қарсыласы Нұрғали туралы: «Өзім сияқты жігіт, барлығымызда мүмкіндік бар»

Досымжан Науханов
Досымжан Науханов
5.0 Рейтинг
21 Комментарии
Жаппарбергенов қарсыласы Нұрғали туралы: «Өзім сияқты жігіт, барлығымызда мүмкіндік бар»

8 ақпанда Алматыда Nomad Fighting 12 турнирі өтеді. Бәсеке Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде ұйымдастырылады. Промоушеннің 2025 жылғы алғашқы шарасы бірнеше титулдық жекпе-жек пен тартысты айқастарды қамтиды.

Негізгі кардта Nomad-тың қазіргі чемпионы қазақстандық Айдос «Әлім» Жаппарбергенов отандасы Алмаз Нұрғалиге қарсы шығып, 61 келі салмақтағы чемпиондық белбеуін қорғайды. Шайқас 5 раундқа есептелген.

Жекпе-жек алдында Алматыға Түркістан облысы, Сарыағаш қаласынан келген Айдос Sport Pulse тілшісінің сұрақтарына жауап берді.

– Айдос чемпиондық атақты қорғауға дайынсыз ба?

– Дайындық жақсы. Настрой мықты. Алда қызықты жекпе-жек күтіп тұр. Белбеуді алғаннан кейін ұзақ демалғаным жоқ. Жаттығуды ертерек бастадым. Жекпе-жектің өтетін күні жақындады. 8-ші ақпанда дайындығымызды көрсетеміз бұйырса.

– Жекпе-жек алдында қандай да бір қиындықтар бар ма?

– Айтатындай қиындық жоқ. Әрине, жекпе-жектің алдында әр жауынгерді мазалайтын заттар бар ғой. Онсыз да болмайды. Бізде де болады ондай. Ештеңе етпейді.

– Ал салмақ қуу барысында қиналмайсыз ба?

– Жоқ, өзім салмақ қуу процесін ұнатпаймын. Сол үшін 61 келіні таңдадым.

– Қарсыласыңызды жақсы танисыз ба?

– Иә танимын. Адам ретінде де спортшы ретінде де. Тура өзім сияқты жігіт қой. Екі көзі көріп тұр, екі құлағы естіп тұр, қолы істеп тұр, мүмкіндік барлығымызда бар. Кімге белбеу бұйырады сол алады. Ал әрекет бізден.

– Неліктен бұл титул сіз үшін маңызды?

– Осы уақытқа дейін 4 жекпе-жек өткіздім. Енді басты мақсатым чемпиондық атақты қорғау. Екінші рет Nomad-тың жеңімпазы болғаннан кейін тағы атым шығады. Одан кейін жақсы өзгерістерді күтемін. Танымал жауынгерлер сияқты біз де басты кардтарға шығып, жақсы гонорар алып жүрейік.