28.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Жапония Германиядағы Универсиада-2025-те жеңіске жетті

Жапония Германиядағы Универсиада-2025-те жеңіске жетті

Германиядағы Дүниежүзілік жазғы Универсиадада Жапония құрамасы командалық есепте бірінші орынды иеленді — Күншығыс ел спортшылары 34 алтын, 21 күміс және 24 қола медаль жеңіп алды.

Екінші орынды Қытай құрамасы 30 алтын, 27 күміс және 17 қола медальмен иеленсе, көшбасшылар үштігін АҚШ құрамасы 28 алтын, 27 күміс және 29 қола медальмен түйіндеді.

Қазақстан құрамасы медаль санағында 37-орынға тұрақтады — команда қоржынында бір алтын және он қола медаль бар.

Универсиада-2025 медаль санағының алғашқы ондығы:

  • Жапония — 34-21-24 (79)
  • Қытай — 30-27-17 (74)
  • АҚШ — 28-27-29 (84)
  • Оңтүстік Корея — 21-9-27 (57)
  • Италия — 14-10-19 (43)
  • Германия — 11-12-17 (40)
  • ОАР — 6-5-8 (19)
  • Түркия — 6-5-7 (18)
  • Тайвань — 5-13-7 (25)
  • Польша — 5-11-8 (24)