20.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Жапония – 2026 жылғы әлем чемпионатына жолдама алған алғашқы команда

AFC.com мәліметінше, Жапония құрамасы іріктеу кезеңін сәтті аяқтап, 2026 жылғы әлем чемпионатына жолдама алған алғашқы команда атанды.

Хадзиме Мориясу жаттықтыратын ұжым Сайтама қаласында өткен ойында Бахрейнді 2:0 есебімен жеңді. Жеңіс голдарын «Кристал Пэлас» ойыншысы Дайти Камада мен «Реал Сосьедад» шабуылшысы Такефуса Кубо соқты.

Жапондықтардың негізгі құрамында еуропалық клубтарда ойнайтын жұлдыздар алаңға шықты:

  • «Ливерпуль»Ватару Эндо
  • «Брайтон»Каору Митома
  • «Монако» (бұрын «Ливерпульмен» АПЛ чемпионы болған) – Такуми Минамино

«Самурайлар» іріктеу кезеңінің аяқталуына үш тур қалғанда, қатарынан сегізінші рет әлем чемпионатына қатысу құқығын жеңіп алды. Команда осы іріктеу кезеңінде бірде-бір рет жеңілген жоқекінші раундта 6 жеңіс, үшінші раундта 6 жеңіс пен 1 тең ойын тіркелді.

Азия футбол конфедерациясы (AFC) 48 командалық әлем чемпионатына 8 тікелей жолдаманы бөлген. Тағы 1 орын құрлықаралық плей-офф арқылы беріледі. Жапониямен бір топта келе жатқан Австралия 9 ұпай артта қалып отыр.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!