Оқу уақыты: 1 мин

Жәния Бекмұхамбетова халықаралық турнирде топ жарды

Жәния Бекмұхамбетова халықаралық турнирде топ жарды

Қазақстандық спортшы Жәния Бекмұхамбетова Болгариядағы турнирде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Аталаған елдің Панагюриште қаласында өткен WTT Youth Contender халықаралық турнирінде үстел теннисінен Қазақстан атынан сынға түскен 13 жасар отандасымыз жасөспірімдер арасында топ жарып, алтын медаль еншіледі.

13 жасқа дейінгі қыздар арасында өнер көрсеткен Жәния барлық қарсыластарын сенімді түрде жеңді. Ол жарыс жолында болгарилық Радина Захариеваны, Мартина Николованы, Белослава Балканскаяны, словакиялық Вивьен Мурковты, румыниялық Карисс Сербан мен Бьянка Томуды тізе бүктірді.