19.09.2024
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Жәнібек пен Михайлович жекпе-жегінің уақыты белгілі болды

Кәсіпқой бокстан орта салмақтағы WBO/IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) мен Андрей Михайлович (21-0, 13 KO) арасындағы жекпе-жектің өту уақыты белгілі болды.

 

Жекпе-жекті No Limit Boxing компаниясы 4 қазанда Михайловичтің отаны Аустралияның Сидней қаласында өткізеді. Бұл кездесуде IBF чемпиондық белбеуі сарапқа салынады.

 

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы шілдеде жекпе-жекке бірер күн қалғанда ауруханаға түсіп қалған болатын. Ол салмақ түсіре алмағандықтан ағзасы сыр беріп, бүйрегінен ақау шықты.