04.04.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Жәнібек Әлімханұлы мен Нгамиссенге салмақ өлшеуден сәтті өтті

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Жәнібек Әлімханұлы мен Нгамиссенге салмақ өлшеуден сәтті өтті

Орта салмақта IBF және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы мен оның қарсыласы Анауэль Нгамиссенге жекпе-жек алдындағы ресми салмақ өлшеуден өтті.

Қазақстандық боксшы 72,5 келі көрсетсе, Франция өкілі де белгіленген лимиттен асқан жоқ. Салмақ өлшеу рәсімінен кейін боксшылар дәстүрлі көз арбастыру сәтінен өтті — екеуі де жұдырықтасуға толық дайын екенін байқатты.

Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 KO) мен Анауэль Нгамиссенге (14-0, 9 KO) арасындағы чемпиондық жекпе-жек 5 сәуір күні Астанадағы «Барыс Аренада» өтеді. Бұл кездесуде отандасымыз екі бірдей чемпиондық белбеуін қорғайды.