16.01.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Жәнібек Әлімханұлы келесі айқасына қатысты мәлімдеме жасады

Орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) әлеуметтік желіде жазба жариялап, келесі кездесуіне қатысты мәлімдеме жасады.

«Жекпе-жек уақытын білемін. Жақында көрісеміз, жігіттер», — деп жазды боксшы Х-тегі парақшасында.

Әлімханұлы соңғы рет шаршы алаңға 2024 жылғы 4 қазанда Сиднейде шығып (Аустралия), жаңа зеландиялық Андрей Михайловичті (21-1, 13 КО) нокаутпен ұтты, сол арқылы өз чемпиондық атақтарын қорғады.

Ал кейбір БАҚ өкілдері Әлімханұлы наурызда айқас өткізеді деген ақпарат жазған. Алайда оның менеджері Берік Сұлтан бұл ақпаратты жоққа шығарды.