30.01.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой боксшылардан көңілі қалғанын айтты

Орта салмақта WBO/IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы кәсіби бокстың қазіргі жағдайынан және басқа чемпиондардың жекпе-жектен бас тартуынан көңілі қалғанын білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz

«Мен әрдайым чемпиондармен жекпе-жекке шығуға дайын болдым және қазір де дайынмын. Чемпиондар, қайдасыңдар? Кейбір чемпиондар — қорқақ! Біз мұны жақсы білеміз! Мен екінші орта салмаққа көтеріліп, дәл қазір чемпионмен шайқасуға дайынмын. Бірақ олар менімен жекпе-жекке шықпайды. Менімен жұдырықтасуға дайын чемпиондар бар ма? Өкінішке қарай, бокс қазір бизнеске айналды. Боксшылар белбеуден гөрі ақшаны көбірек қалайды. Бокста осындай жағдай болып жатқаны өте өкінішті», — деп жазды Әлімханұлы өз парақшасында.

Естеріңізде болса, Жәнібек Әлімханұлы соңғы рет шаршы алаңға былтыр қазан айында Сиднейде (Аустралия) шығып, тоғызыншы раундта Жаңа Зеландия өкілі Андрей Михайловичті (21-1, 13 КО) техникалық нокаутпен жеңген.

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!