05.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Жәнібек Әлімханұлы Карлос Адаместің мәлімдемесіне жауап берді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы WBC белбеуінің иегері, доминикандық Карлос Адаместің мәлімдемесіне өзінің  X әлеуметтік желісінде жауап берді.

Карлос Адамес жақында Хамза Ширазбен болған жекпе-жектен кейін (ол кездесу тең аяқталған) кез келген қарсыласпен сегіз аптадан кейін шаршы алаңға шығуға дайын екенін айтты.

Бұл сөздерге жауап ретінде Әлімханұлы доминикандық боксшының деңгейі жоғары дәрежедегі спортшыға сәйкес келмейтінін атап өтті:

«Сен өзіңді мықты боксшымын деп айтпа. Біз бәріміз сені білеміз. Саған ештеңе айтқым келмейді, өйткені сен менімен ешқашан жекпе-жекке шықпайсың. Тіпті Ширазды да (Хамза) жеңе алмадың. Барлығы сенің менің деңгейімде емес екеніңді көрді. Сен тек чемпиондық белдікті уақытша ғана ұстап тұрсың,» — деп жазды қазақстандық спортшы.

Еске сала кетейік, WBC доминикандық боксшыға өз титулын қорғау үшін орта салмақ дәрежесіндегі үшінші нөмірде тұрған тағы бір қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтановпен жекпе-жек өткізуді міндеттеді.

Ал Жәнібек Әлімханұлы 5 сәуір күні Астанада өтетін бокс кешінде француз Анауэль Нгамиссенгемен кездеседі.