11.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Жәнібек Әлімханұлы Баходир Жалоловтың Қазақстандағы жекпе-жегіне пікір білдірді

WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы өзбек боксшысы Баходир Жалоловтың Қазақстанда өтетін жекпе-жегіне қолдау білдірді.

Жалолов 5 сәуірде Астанада өтетін «Батырлар шайқасы» бокс кешіне қатысады. Әзірге оның қарсыласы белгісіз.

«5 сәуір. Астана. Жақында кездесеміз, Қазақстан», — деп жазды Жалолов Instagram-дағы жарияланымында.

Әлімханұлы өз кезегінде оған сәттілік тілеп: «Біз сізді құшақ жая қарсы аламыз. Сізге көп жеңіс тілейміз!» — деп пікір қалдырды.

Кештің басты оқиғасы ретінде Жәнібек Әлімханұлы мен француз боксшысы Анауэль Нгамиссенгенің жекпе-жегі өтеді.