25.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Жаңа заңнан кейін легионерлерді ұстай алатын ҚПЛ клубтары аталды

Жаңа заңнан кейін легионерлерді ұстай алатын ҚПЛ клубтары аталды

«Қайсар» футбол клубының баспасөз хатшысы Ерасыл Шарбек «Asi_inside» YouTube-арнасында қазақстандық футболдағы жағдай туралы ақпарат бөлісті.

Қазақстан Премьер-Лигасының 14 командасының тек төртеуі легионерлерге төлем жасай алатынын нақты айта аламын. Бұл — «Астана», «Қайрат», «Тобыл» және «Ақтөбе». Бесінші клубты қосуға болады: Дидар Сыдықбек өз демеушілерімен «Атырауға» легионерлер тарта алады, — деді Шарбек.

Бұл мәлімдеме жақында күшіне енген заңмен байланысты — енді бюджеттік ұйымдар мен квазимемлекеттік секторға шетелдік ойыншыларды қаржыландыруға тыйым салынған.