Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Жандос Қыдыралиев ресейлік қарсыласының бас тартуына байланысты келесі кезеңге өтті

Хабаровскіде өтіп жатқан Константин Коротков атындағы халықаралық бокс турнирінде ерекше жағдай тіркелді — 63,5 келі салмақ дәрежесінде бақ сынайтын қазақстандық боксшы Жандос Қыдыралиев қарсыласының бас тартуына байланысты келесі кезеңге автоматты түрде өтті.

Ширек финалға жолдама үшін Қыдыралиев ресейлік Ғабил Мамедовпен кездесуі тиіс болған. Алайда жергілікті спортшы рингке шығудан бас тартты, нақты себептері хабарланған жоқ.

Осылайша, Жандос Қыдыралиев келесі кезеңге ешқандай жекпе-жексіз жолдама алды. Айта кетерлігі, қазақстандық спортшының кәсіби бокста да тәжірибесі бар — оның есебінде төртеуі нокаутпен аяқталған алты жеңіс тіркелген.