27.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Жанбота Алдабергенова ХОК спортшылар комиссиясына үміткер атанды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Жанбота Алдабергенова ХОК спортшылар комиссиясына үміткер атанды

Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) Спортшылар комиссиясындағы екі бос орынға үміткерлер тізімін жариялады. Финалдық кезеңге өткен 11 кандидаттың қатарында қазақстандық Жанбота Алдабергенова да бар.

Ол Орталық Азиядан іріктеуден өткен жалғыз үміткер атанды.

Алдабергенова – қысқы Олимпиада ойындарына үш мәрте қатысқан спортшы, қазіргі таңда Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті жанындағы Спортшылар комиссиясының мүшесі. Оның кандидатурасын НОК пен ұлттық комиссия бірлесіп ұсынып, дүние жүзінен келіп түскен жүздеген өтініш арасынан үздік он бірге өтті.

Дауыс беру 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындары кезінде – 30 қаңтар мен 18 ақпан аралығында өтеді. Оған Олимпиадаға қатысатын барлық спортшылар қатыса алады. Ең көп дауыс жинаған екі спортшы (әртүрлі спорт түрінен) ХОК мүшесі атанып, 8 жылдық мерзімге тағайындалады.

Жанботаның бұл тізімге енуі – халықаралық деңгейдегі жоғары мойындау. ХОК-тың Спортшылар комиссиясы Олимпиадалық қозғалыстағы негізгі шешімдерге тікелей ықпал етеді. Комиссия мүшелері ХОК-тың көптеген комитеттерінің жұмысына қатысады, ал төрағасы Исполком құрамына кіреді.

Алдабергенованың қарсыластары арасында Украинадан Олимпиада чемпионы Александр Абраменко, Швейцариялық шаңғышы Дарио Колонья, Қытайлық мәнерлеп сырғанаушы Хань Цун және Норвегиялық керлингші Магнус Недреготтен сынды танымал спортшылар бар. Финалдық тізімде 11 елдің 5 түрлі спортынан үміткерлер бар.