28.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Жәмилә Бақбергенова төрт дүркін Азия чемпионы атанды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Күрес түрлерінен Иордания астанасы Амманда өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтын медаль түсті.

72 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Жәмилә Бақбергенова финалда қытайлық Юци Люді 4:1 есебімен сенімді жеңіп, алтын жүлдеге қол жеткізді.

Бұл Бақбергенованың Азия чемпионаттарындағы төртінші чемпиондық атағы. Бұған дейін ол 2020, 2022 және 2023 жылдары алтын медаль иеленген. Сондай-ақ, бір күміс пен бір қола жүлдесі бар.

Жәмилә Бақбергенованың Азия чемпионатындағы жетістіктері:
2019 (Сиань) — қола
2020 (Нью-Дели) — алтын
2021 (Алматы) — күміс
2022 (Улан-Батор) — алтын
2023 (Астана) — алтын
2025 (Амман) — алтын

Зейнеп Баянова да қолa жүлдегер қатарында.

Бүгінгі жарыс күні Қазақстан құрамасы үшін тағы бір қола жүлдемен толықты. 53 келі салмақта күрескен Зейнеп Баянова қола медаль еншіледі.

Ертең еркін күрес балуандары кілемге шығады. Ұлттық құрама мүшелері жеңісті жолды жалғастыруды көздейді.