06.04.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Жалолов Астанадағы бокс кешінде жеңіске жетті

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Жалолов Астанадағы бокс кешінде жеңіске жетті

Астанада өткен бокс кешінде супер ауыр салмақта өзбекстандық Баходир Жалолов украиналық Игорь Шевадзуцкиймен (12-2, 10 КО) жұдырықтасты.

Жекпе-жек барысында Жалолов үшінші раундта қарсыласын есеңгіретіп, төреші Серік Ешмағамбетов есеп ашты. Дегенмен, кейінгі раундтарда өзбек боксшысы сақтықпен жұдырықтасып, айқын басымдық таныта алмады.

Игорь Шевадзуцкий мықты қарсылас екенін дәлелдеп, Баходирге лайықты қарсылық көрсетті.

Айта кетейік, әуесқой бокста Олимпиада мен әлем чемпионаттарын екі мәрте жеңген Жалолов кәсіпқой рингте де үлкен белестерді бағындыруды мақсат етіп отыр.